8 K-Maro (шын аты: Cириль Камар, 31 қаңтар 1980 жыл) – ливандық франктық канадалық рэпер, кәсіпкер. [1]. Алғашқы рет 13 жасында өзінің досы Адил Таксиайтпен бірге франк тіліндегі «Les messagers du son» тобын құрған. Топ үлкен жетістіктерге жеткен, алайда 2001 жылы тарап кетіп, К-Маро өзінің жеке мансабын бастаған.
Дебютті альбомын 2002 жылы шығарған. Оның соңғы шығарған альбомдары біріншісіне қарағанда сәтті болып шыққан.
Атаққа ие болған әнші жеке бизнеспен айналыса бастайды. «K.Pone Inc.» лейблін және «K.Pone Incorporated Music Group» продюссерлік компаниясын құрған. «Balbec» (Балбек) киім және әшекей бұйымдар желісін шығарған. Қазіргі кезде «Пантера» атты мейрамханалар желісінің және жылжымайтын мүлік агенттігінің иесі. Сонымен қатар ол қайырымдылық шараларымен де жиі айналысады, қаржы көмегіне зәру адамдарға қол ұшын береді. Өзінің жеке өмірі жайлы сөз қозғағанды ұнатпайды.